Жаңалықтар

Қазақстанда 148 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда 148 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды
Фото: Үкімет 06.11.2024 09:47 271

Қазақстанда 148 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ол биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша мүгедектігі бар адамдар арасында 148 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 39%-ы жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Бұл ретте өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпейді.

Жұмыспен қамту салалары бойынша ғылыми қызмет (28%), мемлекеттік басқару (12%), білім беру және сауда (9%), денсаулық сақтау (7%) көш бастап тұр.

Кәсіптер бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы кәсіби мамандар, 19%-ы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13%-ы техник-мамандар, 11%-ы – басшылар мен мемлекеттік қызметшілер; қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер, — деп атап өтті Светлана Жақыпова.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға