Жаңалықтар

Қазақстанда 13,5 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 13,5 млн тонна астық бастырылды
Фото: ©El.kz 20.09.2024 05:14 116

Бүгінгі таңда елімізде негізгі дәнді дақылдар бойынша 9,1 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 13,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бидай 6,8 млн га алқапқа жиналды, өнімділігі 14,1 ц/га 9,7 млн тоннаға жуық. Арпа – 1,5 млн га, өнімділігі 16,5 ц/га 2,5 млн тонна. Сұлы – 133,1 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га 207 мың тонна.

Биыл майлы дақылдар орташа өнімділігі 11,0 ц/га 136 мың га алқаптан жиналды, 150,3 мың тонна бастырылды.

57,1 мың гектар алқаптан 257,5 ц/га өнімділік кезінде 1,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Ал көкөніс дақылдары 87,7 мың гектардан жиналды, 243,3 ц/га өнімділік кезінде 2,1 млн тоннадан астам .

Бақша дақылдары 93,5 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 258,8 ц/га, жалпы алым 2,4 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа да  техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға