фото Казконтент

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап біраз өзгеріс болады. Қандай?

Желтоқсан басталысымен Қазақстанда бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Тарифтердің жаңаруы, байланыс қызметтеріндегі реформалар, жаңа авиа және теміржол бағыттарының ашылуы, сондай-ақ банк секторы мен білім саласындағы жаңалықтар барлығы да тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді.

Электр энергиясының жаңа шекті тарифтері

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда электр қуатына арналған шекті тарифтер жаңартылады. Энергетика министрлігі қолданыстағы бұйрыққа өзгеріс енгізіп, өндіруші компаниялардың тізімін кеңейтті. Оған «Sintra Energy», «KAZ GREEN ENERGY» және «Aktobe Energy Gaz» қосылды.

Жаңа қатысушылардың пайда болуы тұтынушы төлейтін бағаға әсер етпейді, себебі олардың өндіріс көлемі нарықтағы жалпы электр энергиясының үлесін айтарлықтай өзгертпейді.

Tele2 және Altel қызметтеріндегі өзгерістер

Tele2 және Altel операторлары 1 желтоқсаннан бастап роуминг кезіндегі «Шексіз әлем» қызметін тоқтатады. Бұл қызмет шетелде трафик шектеусіз мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және навигациялық қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік берген еді.

Бұдан былай шетелде интернетті тек халықаралық пакеттегі гигабайттар арқылы ғана қолдануға болады.

Сонымен бірге операторлар БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия сияқты елдердегі байланыс тарифтерін қайта қарады. Жаңа тарифтер 30 күнге жарамды болады, ал қысқа сапарларға арналған бір күндік пакеттер де ұсынылады.

Жеке тұлғаларға арналған автолизинг іске қосылады

1 желтоқсаннан бастап азаматтарға арналған жеке автолизинг бағдарламасы жұмысын бастайды. Бұл жүйе бойынша:

  • автокөлікті 2-5 жылға пайдалану мүмкіндігі беріледі,
  • ай сайынғы төлемдер жасалады,
  • мерзім соңында көлікті толық сатып алу немесе компанияға кері тапсыруға болады.

Бағдарлама автокөлік сатып алуды жеңілдетуі мүмкін.

Шымкентте су тарифтері өзгереді

Шымкент қаласында 1 желтоқсаннан бастап су және кәріз қызметінің жаңа тарифтері енгізіледі. Олар 2026 жылдың маусымына дейін қолданылады.

Өзгерістер 2 және 3-топтағы тұтынушыларға қатысты:

  • Екінші топ үшін: салықсыз – 604 теңге, салықпен – 677 теңге.
  • Бюджеттік ұйымдар үшін: 863 теңге, 967 теңге (салықпен).

Жаңа әуе рейстері ашылады

Қазақстанның әуе кеңістігі жаңа бағыттармен толықтырылмақ.

Thai Air Asia X 1 желтоқсаннан бастап Таиландтың лоукостері Қазақстанға кіріп, Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет рейс орындайды. Belavia 18 желтоқсанда Беларусьтің «Белавиа» компаниясы Минск-Алматы бағытындағы рейстерін қайта іске қосады.

Алматы – Ташкент бағытына жаңа пойыз

14 желтоқсаннан бастап «Алматы – Ташкент» арасында Talgo пойызы күн сайын қатынайды.

Жол уақыты – 17 сағат 38 минут.

Билет құны:

  • орындық – 10 167 теңге,
  • купе – 20 711 теңге,
  • люкс – 30 772 теңге.

VTB Bank Kazakhstan-ға санкциялар

2 желтоқсаннан бастап ЕО VTB Bank Kazakhstan-ға санкция енгізеді.

Бұл банкке:

  • Еуроодақ елдерімен кез келген есеп айырысуға,
  • Халықаралық транзакцияларға қатысуға тыйым салынады.

Шектеулер банктің «Мир» карталарын қолдауына байланысты енгізіліп отыр.

Оқушылардың қысқы каникулы

29 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында оқушылар қысқы демалысқа шығады.

8 қаңтарда үшінші тоқсан басталады.

Қосымша демалыс:

  • 1-сыныптар – 9-15 ақпан,
  • көктемгі каникул – 19-29 наурыз.

«Қайрат» пен Рыбакина

9 желтоқсанда «Қайрат» УЕФА ЧЛ аясында «Олимпиакоспен» ойнайды. Матч ауа райына байланысты Астанада өтеді.

Елена Рыбакина 17-20 желтоқсан аралығында Үндістандағы World Tennis League турниріне қатысады.