Жаңалықтар

Қазақстанда 1 миллионнан аса азамат салық төлемеген

Қазақстанда 1 миллионнан аса азамат салық төлемеген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 10.05.2023 15:20 916

Қазақстанда 1 миллионнан аса азамат салық қарызын төлемеген. Берешек мөлшері 30 миллиард теңгеге жуық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, азаматтар мүлік және көлік құралдары бойынша салығын төлемеген. Салдарынан қарыз мөлшері 29,1 миллиард теңгеге жуықтаған. Оның ішінде тек көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 27,9 миллиард теңгені құрайды.

Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады, - деп ескертуде комитет өз ақпаратында. 

Сондай-ақ кірістер комитеті қазақстандықтарға салықтар бойынша берешектің болу-болмауын тексеруге кеңес беріп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға