Жаңалықтар

«Qazaqstan Project Management Awards – 2022» конкурсы басталды

Конкурс «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қолдауымен өткізіледі
«Qazaqstan Project Management Awards – 2022» конкурсы басталды
Фото: ашық дереккөз 07.07.2022 16:22 1981

«Qazaqstan Project Management Awards – 2022» III ұлттық конкурсы басталды, деп хабарлайды El.kz

2020 жылдан бастап Қазақстанда жобалық командаларды қолдауға және олардың жобалық басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған жобалық жетілдіру бойынша «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS» (QazPMA) жыл сайынғы ұлттық конкурсы өткізіліп келеді.

Қазақстанда 2 жыл бойы мемлекеттік басқару жүйесінде бірыңғай жобалық тәсілді қалыптастыру және қолдану бойынша жұмыс жүргізілуде – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобаларға ауыстырылды.

«Qazaqstan Project Management Awards – 2022» III ұлттық конкурсы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қолдауымен өткізіледі және конкурс 2022 жылдың 1 маусымында басталды.  

Конкурс аясында келесідей негізгі үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталатын болады:

- «Жылдың үздік жобасы»;

- «Жылдың үздік жоба менеджері»;

- «Жылдың үздік жобалық кеңсесі».

Сондай-ақ, «Үздік РМ-тренер», «Балаға мейірімді үздік жоба» сынды арнайы номинациялар қарастырылған. Биылғы жылы «Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» атты тағы бір арнайы номинация енгізіліп отыр, оған қатысушылар бюрократияны қысқартуды, жүйелі реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын жобаларды ұсынуы тиіс.

«QazPMA-2022» ұлттық конкурсы – мемлекеттік басқару және бизнес, үкіметтік емес және квазимемлекеттік сектор сияқты түрлі салалардағы мамандардың тәжірибе алмасу алаңына айналады. Бұл интеграция Қазақстанда жобалық менеджментті одан әрі дамыту шеңберінде негізгі мәселелер бойынша талқылау жүргізіп, шешім табуға мүмкіндік береді.

Үздіктердің үздіктері Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде марапатталады.

Айта кету керек, «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS» ұлттық конкурсы халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды және 2021 жылы IPMA «Global Project Excellence Awards» дүниежүзілік жобалар конкурсының алтын жүлдегері атанды.

Сіздерді «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS – 2022» III ұлттық конкурсына қатысуға шақырамыз. Өз жобаларыңызды бүкіл жұртқа таныстыру мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында «Жобалық офис» бөлімі – «Конкурс» бөлімшесінде танысуға болады.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға