Қазақстан ЖИ қолдану бойынша ТМД елдерінен оқ бойы озып тұр
Соңғы үш жылда жасанды интеллект бұрынғы радио, интернет, смартфон және энергетика сияқты технологиялардан да жылдам дамып, кең таралған құралға айналды. Бүгінде әлемдегі еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың 30%-дан астамы күн сайын нейрожелілер мен әртүрлі ІІ сервистерін пайдаланады. Бұл үрдіс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Елдегі ересек халықтың 12,7%-ы ІІ құралдарын меңгеріп, оларды жұмыста да, тұрмыста да белсенді қолданады. Мұндай деректер Microsoft компаниясының жыл сайынғы есебінде келтірілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу авторлары әр мемлекетті бірнеше бағыт бойынша салыстырған: ІІ технологияларын жасауға қабілеттілік, инфрақұрылымның дамуы және жасанды интеллектінің күнделікті өмірге енгізілу деңгейі. Сондай-ақ халықтың ІІ-ді қаншалықты меңгергенін көрсететін жеке рейтинг ұсынылған.
Күнделікті қолдану көрсеткіші бойынша Қазақстан 71-орында. Ал, бізден жоғары тұрған елдер тізімі мынадай:
- Литва 41-орын (ІІ-ді 21% тұрғын пайдаланады),
- Грузия 53-орын (17,3%),
- Молдова 58-орын (16,6%),
- Әзербайжан 64-орын (14,2%).
Қазақстаннан кейінгі орындарда:
- Украина 93-орын (9,1%),
- Ресей, Беларусь, Қырғызстан 117-119-орындар (7,6%),
- Армения 138-орын (7,6%),
- Өзбекстан 143-орын (5,7%),
- Тәжікстан 145-орын (5,1%),
- Түрікменстан 146-орын (5,1%).
Жасанды интеллектіні ең белсенді қолданатын елдер тізімінің көшбасында:
- БАӘ 59,4%,
- Сингапур 58,6%,
- Норвегия 45,3%.
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ирландия, Франция, Испания, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Нидерланды және Катар кірді.
Әлемдегі ІІ инфрақұрылымының жартысынан көбі АҚШ-та орналасқанына қарамастан, оны күнделікті қолданатын америкалықтардың үлесі – 26,3% (23-орын). Қытай бұл бағытта 61-орынды иеленген (15,4%).
Соңғы орынға Камбоджа тұрақтаған, онда ІІ құралдарын меңгерген ересек тұрғындар небәрі 4,6%.
Айта кетейік бұған дейін ЖИ-дың ел экономикасына тигізер пайдасы жөнінде жазған едік.

