ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан жеңіл атлеттері Азия ойындарының финалына шықты

25.10.2025 03:28

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бес өкілі Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маргарита Косинова мен Афина Чолакиди 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар 800 метрлік қашықтықта да финалға шықты. Дмитрий Спаский өз жарысын жеңіспен аяқтап, енді 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасының медалі үшін бақ сынайды. Ал қыздар арасында финалға Жалила Қанат пен Диана Салмина іріктеуден өтті.