Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Дэвис кубогіндегі қарсыластары анықталды
30.10.2023 23:50
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Испанияның Кордова қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогі финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінде, отандық жасөспірімдер D тобына түсті.
Онда Қазақстан құрамасы Италия, Оңтүстік Корея және жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің алты дүркін чемпионы Испания командасымен ойнайды.
Бүгін қазақстандық жасөспірімдер Италия құрамасымен сынға түседі.
Беделді жарыста ел намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбай қорғайды. Команда капитаны Сергей Квак.
Жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты 30 қазан – 5 қараша аралығында өтеді. Ширек финалға әр топтан екі үздік құрама шығады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

