Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші күміс медалін иеленді
Жеңіл атлет Виктория Мельникова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына екінші күміс жүлдені сыйлады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшы 1500 метрге жүгіруден финалдық жарыста сәтті өнер көрсетті.
Мельникова қашықтықты 4:51.61 уақытта жүгіріп өтті.
Алтын медальді Өзбекстан өкілі Назима Рахимжонова (4:51.20) жеңіп алды, ал Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық Агата Красаева жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов (триатлон) күміс, ал Глеб Клепинин (жеңіл атлетика) мен Әлиям Әзізова (пенчак силат) қола медаль жеңіп алған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

