Жаңалықтар

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексіндегі позициясын жақсартты

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексіндегі позициясын жақсартты
Фото: Сыртқы істер министрлігі 03.10.2024 03:44 396

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) 2024 жылғы Жаһандық инновациялық индексінің (ЖИИ) ресми тұсаукесерін өткізді. Іс-шара индекстің негізгі нәтижелерін және оның инновациялық дамуды ынталандыру үшін маңыздылығын талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшыларды, зерттеушілерді және үкімет өкілдерін жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылы Қазақстан әлемнің 133 елі арасында 78-ші орынға ие болып, өз рейтингін 3 позицияға көтерді. «Бизнесті дамыту деңгейі» (+9 позиция), «Инвестициялар» (+5 позиция), «АКП пайдалану» (+14 позиция) және «Креативті қызмет нәтижелері» (+7 позиция) сияқты көрсеткіштер бойынша ең үлкен прогреске қол жеткізілді.

Осының арқасында және де бірқатар басқа көрсеткіштер бойынша ілгерілеумен қатар Қазақстан табысы орташадан жоғары елдер арасында орта позицияға ие болды (34 ел арасында 22-ші орын).

Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Әсет Ерғалиев рейтинг қорытындыларына түсініктеме бере отырып, Қазақстан ұстанымдарының жүйелі түрде жақсаруы демократиялық институттарды нығайтуға, құқық үстемдігіне кепілдік беруге және жеке сектордың серпінді дамуы мен инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың салдары екенін атап өтті.

Ә. Ерғалиев еліміздің тұрақты және инклюзивті дамуы үшін инновациялардың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық қауымдастықты күнделікті тәжірибеге инновациялық шешімдерді біріктіру қажеттігіне баса назар аудара отырып, бірлесіп тәжірибе және біліммен бөлісуге ынтымақтастыққа шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға