Жаңалықтар

Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына кіреді

Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына кіреді
Фото: ҚР ҰОК 26.09.2024 16:20 220

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерация мәліметінше, бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.

Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз. World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Ұлттық олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында отандық бокстың даму жолдарын талқыладық, - Шахмұрат Мүтәліп.

World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Бұл ұйым 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Қазіргі уақытта оның құрамына 44 елдің ұлттық федерациясы енген.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанғаны туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға