Қазақстан волейбол федерациясының президенті ауысты
27.10.2024 23:47
Фото:
Павел Михеев
Қазақстан волейбол федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерацияның есептік-сайлау конференциясында 2028 жылға дейін федерация тізгінін ұстайтын адам анықталды. Негізі бұл сайлауға үш үміткер қатысты:
- Амандық Баталов;
- Мәди Такиев;
- Бақытжан Байтөреев.
Сайлау нәтижесінде басым дауыспен қаржы министрі Мәди Такиев федерация президенті болып сайланды.
Бұған дейін федерацияда 26 жыл бойы президент лауазымын атқарып келген 77 жастағы Нұртай Әбіқаев орнын босатты.

