Жаңалықтар

Қазақстан үшін Ресейдің маңызы зор – тарихшы

Қазақстан үшін Ресейдің маңызы зор – тарихшы
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 13.02.2024 17:00 763

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер мен сыни пікірлер айтылып жүр.  Қазақта «көршімен татудың көңілі тыныш» деген сөз бар. Қазақстан қашанда көршісімен тату болған халық. Сондықтан әрдайым ынтымақтастық пен достықты ту етеді. Тарихшы Бүркітбай Аяғанның сөзінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңінде – көне тарихтағы Қазақ хандығы кезеңін айтуға болады. Екінші кезеңі – 1991 жылдан осы күнге дейін, яғни тәуелсіздік жылдарынан бастап.

Оның өзі бірнеше кезеңге бөлінеді. Ресейдің бұрыңғы президенті Борис Ельцин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ынтымақтастық жиындар өткізді. Достық пен ынтымақтастық қарым-қатынас туралы ең бірінші келісімге қол қойылды. Соның ішінде Қазақстан мен Ресей шекарасын мызғымас шекара деп мойындады. Владимир Путин билікке келгеннен кейін де қазақ-орыс арасындағы қарым-қатынас нығайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас туралы бірнеше келісімдерге қол қойылған, - дейді тарихшы қазақ-орыс байланысы жайлы.

Жалпы Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 22 қазанында орнатылды. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей бірнеше одаққа мүшелік етеді. Солардың ішінде ең үлкен үштікті атауға болады. Олар: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісім, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт.

Соңғы кездері Қазақстанның ішкі саясатына қатысты Ресейдің саясаттанушылары мен белсенділері көптеген пікір білдіріп, ол қоғамда резонансты жағдай тудырғаны белгілі. Дегенмен тарихшы маман барша ресейліктердің олай ойламайтынын жеткізді.

Меніңше, оның негізгі себебі – онда әлі де болса империялық саясатты қоштайтындардың болуы. Жириновский, Тина Канделаки және тағы бірнеше саясаткерлері біздің ішкі саясатымыз туралы айтып, ортадағы қарым-қатынас сынға түсу алдынды қалды. Дегенмен еліміз дереу шара қабылдап, көрші елмен татулықты сақтады, - дейді Бүркітбай Аяған. 

Бүгінде Қазақстанға ең көп инвестицияны Еуропа елдерінен кейін Ресей әкеліп жатыр. Әрине, екі елдің құрлықтағы шекарасы дүниежүзіндегі ең ұзын шекара екенін де естен шығармаған жөн. Бұл екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланысты арттырады.

Қазақстан үшін Ресейдің маңызы зор. Әсіресе, ол экономикалық қарым-қатынастар арқылы байқалады. Қазақстанның солтүстік өңірі Ресейдің электр энергиясына байлаулы. Одан бөлек Ресейден біз көп металл аламыз. Дәрі-дәрмектердің бірқатары Ресейден келіп жатыр. Тіпті, тағам түрлерін де тасымалдаймыз. Сондықтан Қазақстан үшін экономикалық тұрғыда Ресейдің рөлі бар, - дейді тарихшы Аяған.

Бүркітбай Аяған Ресей Қазақстанға мұнай тасымалында да көмектескенін атап өтті.  

Қазақстан өкінішке қарай, мұнайды тікелей басқа елдерге шығара алмайды. Сондықтан біз мұнайымызды Ресейдің Новороссийск қаласы арқылы шығаратынбыз. Бұл ретте көрші елдің көмегі болды. Кейін Новороссийск қаласындағы мұнай шығаратын кешені жұмыс істемей қалды да, Қазақстан мұнай тасымалында Бакудың көмегіне жүгінді. Ресей болсын, Қытай болсын кез келген көршімен тату-тәтті тұрып, екі жаққа пайдалы қарым-қатынасты дамытуымыз керек, - деді Бүркітбай Аяған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға