Жаңалықтар

Қазақстан ҰОК боксшылардың жекпе-жегі кезіндегі кей төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеді

Қазақстан ҰОК боксшылардың жекпе-жегі кезіндегі кей төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеді
Фото: t.me/olympickz 02.08.2024 00:31 620

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінді. Сонымен қатар кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Комитеттің ресми мәліметінше, Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде беріп отыр. Аталған төрешілерге қатысты іс қозғалды. 
 
Осы орайда бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек.  Ережеге сәйкес, аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін,-делінген мәліметте.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға