Бейнежазбадан скриншот

Қазақстан ТЖМ жедел штабы жұмысын жалғастыруда

Ақмола облысының Алтынды және Жанаталап ауылдарындағы жылыту пункттерінде 71 адам жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 8 бала бар.  Щучинск қаласындағы жылыту пунктіне 20 адам эвакуацияланды.

Азаматтарға ыстық тамақ беріліп, апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары көмек көрсетуде.

Зардап шеккен азаматтарды теміржол арқылы Астана қаласына жеткізу жоспарланған.