видеодан кадр

Қазақстан туы әлемдегі ең биік ғимаратта көрсетілді

Әлемдегі ең биік ғимарат — 828 метрлік «Бурдж-Халифа» мұнарасы Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесіне орай көк түсті мемлекеттік тумен жарықтандырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Иллюминация Республика күніне арналған құттықтау ретінде ұйымдастырылды. Бейнежазба Қазақстанның Дубайдағы консулдығының ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Айта кетсек, Қазақстан туы алғаш рет 2022 жылы Тәуелсіздік күніне орай осы мұнараға проекцияланған болатын.