Жаңалықтар

Қазақстан Түрік іскер әлемі кеңесінің Құрылтай жұмысына қатысты

Қазақстан Түрік іскер әлемі кеңесінің Құрылтай жұмысына қатысты
Фото: gov.kz 17.09.2023 20:50 613

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Түрік іскер әлемі кеңесінің Құрылтай жұмысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Панельдік сессия барысында қатысушылар диаспоралардың рөлі мен олардың қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге тигізетін әсерін талқылады.

А.Әбдікәрімов өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан шетелдегі қазақ диаспораларын қолдауға, бизнес кооперация мен сауда қатынастарын дамытуға ерекше мән береді. 

«Диаспоралар мемлекетаралық ынтымақтастықты жақсарту және ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында тығыз әлеуметтік және экономикалық байланыстар орнату жөніндегі жолсерік болып табылады», - деді вице-министр. 

Сондай-ақ, іс-шара барысында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің өкілдері сөз сөйледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға