Жаңалықтар

Қазақстан цифрландыру қарқыны жоғары елдердің қатарына енді

Электрондық үкімет қызметтерін қолдану көрсеткіштері бойынша 15-ші орынға көтерілді
Қазақстан цифрландыру қарқыны жоғары елдердің қатарына енді
Фото: gov.kz 19.10.2022 20:58 2187

Қазақстанда бизнеске цифрлық технологияларды енгізу және жалпы цифрландыру қарқыны жоғары. «E-Government» жүйесін дамыту бойынша еліміз әлемдік рейтингіде 28-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстан 193 елдің арасында электрондық үкіметтің даму деңгейі рейтингісінде бір сатыға көтеріліп, 28-ші орынға орналасты. Бұл ТМД және Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Нәтижесінде еліміз Ирландия, Канада, Италия, Бельгия және Чехия сияқты дамыған елдерден озық шықты.

Сонымен қатар Қазақстан электрондық үкімет қызметтерін қолдану көрсеткіштері бойынша әлемдік рейтингіде 15-ші орынға көтерілді. Бұдан өзге, цифрландырудың даму қарқыны жоғары 90 елдің ішінде 20-шы орынға тұрақтады. Осылайша, еліміз цифрлық әлеуетін одан әрі дамытуға қолайлы елдер қатарына енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға