Қазақстан теннистен әлем чемпионатында Словениядан басым түсті
Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Словениямен сынға түсіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Аустралияға 1:2 есебімен жол берген еді. Сондықтан плей-офф кезеңіне өту үшін Қазақстан үш ойында да жеңіске жетіп, 3:0 есебін тіркеу керек болды. Алайда алғашқы ойында-ақ Анна Данилина қарсыласы Кая Юваннан (1:6, 0:6) ойсырай жеңілді.
Юлия Путинцева Тамара Зиданшекпен шеберлік байқасты. Мұнда есеп 2:6, 6:2 болған мезетте словениялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп жеңіс Юлияға берілді.
Жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Вероника Эрьявец — Эла Нала Миличті тізе бүктірді — 2:6, 6:4, 10:7.
Осылайша, Словенияны 2:1 есебімен жеңгенімен, өз тобында екінші орын алған Қазақстан жартылай финалға өте алмады.