Қазақстан теннисшісі Александр Недовесов жұптық сында Болгариядағы турнирдің финалына өтті
Қазақстандық теннисші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Недовесов жұптық сында эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселмен сынға түскен еді. Аустралиялық дуэт ширек финалда тағы бір қазақстандық Андрей Голубев – украиналық Денис Молчановтан басым түскен-тін.
Кездесудің бірінші партиясында қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеп, нәтижесінде 6:2 есебі тіркелді.
Енді А.Недовесов пен Г.Эскобар финалда жарыстың 3-ракеталары, ұлыбританиялық Джулиан Кэш – хорватиялық Никола Мектичпен бас жүлдені сарапқа салмақ.