Olympic.kz

Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Корея Гран-приіне қатысады

Таеквондодан Оңтүстік Кореяда өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

28-31 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан Гран-при сериясының кезеңі өтеді. 

Бұл сында Қазақстан құрамасы қатысып, тізімде берілген спортшылар өнер көрсетеді. 

Ерлер:

- Темірлан Тілеулес (58 келі)

- Асқар Өтеген (58 келі)

- Жавохирхон Исламов (58 келі)

- Дамир Шуленов (68 келі)

- Нұрбек Ғазез (68 келі)

- Батырхан Төлеуғали (80 келі)

- Абдурахмон Марипов (80 келі)

- Ерасыл Орынбасар (80 келі)

- Бейбарыс Қаблан (80 келі)

- Бауыржан Хасенов (80 келі)

Әйелдер:

- Нодира Ахмедова (49 келі)

- Нұрай Бауыржанова (49 келі)

- Мария Севостьянова (57 келі)

- Камила Аймұқашева (57 келі)

- Нұрай Хусайнова (67 келі)

- Назым Махмұтова (67 келі)

Айта кетейік, турнир аясында рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.