Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
27.10.2025 17:02
Фото:
Таеквондо федерациясы
Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айдана Құмартаева жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді.
Жартылай финалда Айдана түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездесіп, бұл кездесуде қарсыласына есе жіберді. Осылайша Құмартаева әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль иеленген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

