Қазақстан суперкомпьютер ресурстарын AI-жобаларға қолжетімді етті
Қазақстан Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерін жасанды интеллект жобалары мен зерттеулер үшін қолжетімді қылды. Енді мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, стартаптар және жеке компаниялар суперкомпьютердің қуатын пайдалану үшін онлайн өтінім бере алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Alem.Cloud әлемдегі ең қуатты 500 суперкомпьютердің ішінде 86-орында тұр. Бұл Қазақстанның AI саласын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Қажет ресурстарды (GPU, CPU, RAM және т.б.) таңдап, жобаның мақсатын жазу жеткілікті. Өтінім ЭЦҚ арқылы расталады.
Суперкомпьютер тәулік бойы жұмыс істейді, деректер қорғалған. Бұл зерттеулер жүргізуге, AI-модельдер әзірлеуге және түрлі салаларда, медицина, ауыл шаруашылығы, геология, өнеркәсіп, қауіпсіздік және қаржыда жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

