Қазақстан спортшылары қысқы Универсиадада екінші алтынға қол жеткізді
15.01.2025 19:15
Фото:
Olympic.kz
Анастасия Городко Қазақстанға екінші алтын сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз финалда тағы бір қазақстандық Аяулым Әмреновадан басым түсті. Өз кезегінде Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанып отыр. Финалдық бәсекеде қос қазақстандық спортшы жүлдені бөліп алды.
Бұған дейін параллель могул жарысында қазақстандық спортшылар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова финалға шыққан болатын. Екеуі де жартылай финалда жапон спортшыларын жеңген еді.
Бұл ерекше сәт Универсиададағы Қазақстан құрамасының жоғары деңгейін және могул спортындағы көшбасшылығын көрсетті. Финал Қазақстан үшін алтын мен күміс медальді қамтамасыз етті, бұл ел спортындағы маңызды оқиға ретінде есте қалмақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

