Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты
Фото: Olympic.kz 27.07.2024 00:35 726

Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі форматтан айналып өтіп, ашылу салтанатын Сена өзенінің үстінде өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті. 

Ашылу салтанатын тамашалауға келген қонақтар қатарында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. Ол еліміздің көк туын көтеріп, спортшыларды қолдауға арнайы келді. 

Салтанатты рәсімде Қазақстан байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шықты. 

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 атлет қорғайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға