Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
11.02.2023 14:03
1779
Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмегін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан, негізінен мемлекеттік резервтен бөлінген азық-түлік, жылы киімдер, шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтарын жіберді.
Көмек Алеппо қаласына ҚР Ұлттық ұланының төрт рейсімен жеткізіліп жатыр.
IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүктердің жеткізілуін бақылау үшін Сирияға жекелей өзі ұшып кетті.
Алеппо әуежайында Сирия тарапына тиісті көмекті тапсыру рәсіміне Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби, Алеппо әуежайының директоры Мұхаммед әл-Масри, Сирияның Қызыл Жарты айы ұйымының өкілдері Самир Шубуки, Ахмад Самун, Анас Самаа, сондай-ақ Қазақстанның Ливандағы елшісі Расул Жұмалы қатысты.
Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби қабылдаушы тараптың атынан сөз сөйлеп, Қазақстан халқына зор алғысын білдірді. Оның айтуынша, ауыртпалықты бөлісіп, қиын сәтте көмек қолын созған қазақ халқының көмегі ешқашан ұмыт болмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 23 мыңнан асты
Келесі жаңалық
Елімізде ерінбеген адамға жұмыс көп – 4 тіл білетін күзетші