Жаңалықтар

Қазақстан синхроншылары әлем кубогы кезеңінде үздік атанды

Қазақстан синхроншылары әлем кубогы кезеңінде үздік атанды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 09.04.2024 05:24 715

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан командасы акробатикалық бағдарламада Бейжіңде (Қытай) жарыс иелерін басып озып, 213.7801 ұпай жинады. Күміс жүлдегерлер – Аспан асты елінің өкілдері (205.0300). Үздік үштікті Австралия қорытындылады (196.6266).

Алтын жүлде жеңіп алған команда құрамында Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы, сондай-ақ қарағандылық Этери Какутия, Наргиз Болатова, Арина Мясникова және Ксения Макарова өнер көрсетті. Осы жеңіске дейін техникалық бағдарламада қазақстандықтар қола жүлдеге ие болды.

Әлем кубогы кезеңінде өзін теміртаулық жас әрі келешегі зор спортшы Виктор Друзин көрсете алды. Анна Павлецовамен дуэтте ол күміс медаль жеңіп алды. Ал "ерікті соло" бағдарламасында 17 жасар жүзуші қола жүлдеге ие болды.

Әлем Кубогының келесі кезеңдері Францияда 3 мамырдан 5 мамырға дейін, Канадада 31 мамырдан 2 маусымға дейін өтеді. Венгрияда 5–7 шілде аралығында суперфинал өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға