Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан СІМ Латвия Елшісін қошеметпен шығарып салды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Латвияның Елшісі Ирина Мангулені Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Кездесуде дипломаттар Қазақстан мен Латвия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, бірлесіп атқарылған жұмысты қорытындылады.

Мемлекетаралық диалогты нығайтуға, іскерлік және білім беру байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды,-делінген СІМ мәліметінде.

Министрдің орынбасары Ирина Мангулеге Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан Латвия елшісінің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасын табыстады.

Астанада бес жыл бойы жұмыс атқарған Латвия Елшісі қазақ тарапына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміт артты. Қазақстан СІМ орынбасары Латвия Елшісіне алдағы қызметінде табыс тіледі.