Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
05.01.2025 22:45
Фото:
ҚР СІМ
Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында қор басшысы ұйымның операциялық қызметінің сәтті іске қосылғанын атап өтіп, 2024 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды.
Жобалар портфелін кеңейтуді, инфрақұрылымдық және экономикалық байланыстарды дамытуды, сондай-ақ түркі елдеріндегі шағын және орта бизнесті қолдауды қамтитын 2025 жылға арналған жоспарларға ерекше назар аударылды, - делінген мәліметте.
Министр М.Нұртілеу қор қызметінің Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі орнықты даму мен экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесудің негізгі құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

