gov.kz

Қазақстан СІМ-де Кореямен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

24.09.2023 22:30

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың дамуы мен көпжақты форматтағы ықпалдастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.