Жаңалықтар

Қазақстан шет мемлекеттерге 33,8 мың тонна макарон экспорттады

Қазақстан шет мемлекеттерге 33,8 мың тонна макарон экспорттады
Фото: Pixabay 06.12.2024 14:07 402

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында өндірілген макарон өнімдерінің көлемі 109,1 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өндірістік көрсеткіш 7,5% төмендеді. Сонымен бірге макарон өнімдерінің импорты 14,6% артып, 30,7 мың тоннаға жетті. Импорттық өнімнің жалпы көлемдегі үлессалмағы 22% құрайды.

Импортталған макарон өнімдерінің негізгі бөлігі ТМД елдерінен жеткізілген – 25,2 мың тонна. Сондай-ақ кеспе, спагетти және басқа да макарон өнімдерінің Қазақстанға экспорттаушылар қатарында Қытай, Корея Республикасы, Италия және Польша бар.

2024 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 33,8 мың тонна макарон өнімі экспортталды. Өнімнің негізгі бөлігі ТМД елдеріне, сондай-ақ Грузия, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Корея Республикасы, Литва және Германияға жөнелтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға