Жаңалықтар

"Қазақстан" шахтасында қайтыс болған 3 адамның есімі белгілі болды

"Қазақстан" шахтасында қайтыс болған 3 адамның есімі белгілі болды
Фото: Ашық дереккөзден 19.08.2023 23:25 1806

"АрселорМиттал Теміртау" "Қазақстан" шахтасында көз жұмған үш кеншінің аты-жөні туралы деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі

Қаза болғандардың бірі Денис Стешин 1978 жылы туған. 4 разрядты жерасты үңгушісі болып 21 жыл еңбек еткен. 

Виктор Бургун  1966 жылы өмірге келген. Ол 5 разрядты жерасты электршебері ретінде 39 жыл қызмет атқарды. 

Марқұм болғандардың үшіншісі Виталий Слюньков 1965 жылы туған. Аталған шахтада жерасты электршебері болып 39 жыл жұмыс істеді. 

Тағы екі шахтерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалуда, - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 болған, 222 кенші құтқарылып, үш адамның денесі табылған болатын. Қазіргі уақытта тағы екі адамның денесі іздестіріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға