Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасында 222 қызметкер жер бетіне көтерілді

«Қазақстан» шахтасында 222 қызметкер жер бетіне көтерілді
Фото: © El.kz 17.08.2023 14:40 1063

Жер астында өрт болған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында 222 қызметкер жер бетіне шығарылды. Бес адамды іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық әкімдігінің мәліметінше, апат орнында дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Облыстық медициналық орталыққа.

17 тамызда сағат 10:05 Д6 (көкжиек – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Оқиға орнында «КӘАҚҚ» РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады, - делінген мәліметте. 

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиға орнында. Бұған дейін 101 адамның жер бетіне шығарылғаны айтылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға