Жаңалықтар

Қазақстан-Сан-Марино: Астанада онлайн трансляцияны қайдан көруге болады

Қазақстан-Сан-Марино: Астанада онлайн трансляцияны қайдан көруге болады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 17.11.2023 12:40 771

17 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Трансляция «Қазспорт» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Сонымен қатар Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру жанкүйер қауым үшін тегін болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Айта кетейік, жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін және кептелісті азайту мақсатында сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады:

- «Астаналық цирк» тұрағы;
- «Қазақстан» СК тұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайының тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын маршруттармен қайта алады: №№10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 303. Олар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада күтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға