Қазақстан садақ атудан әлем чемпионатында алтыншы орын алды
11.09.2025 21:33
Фото:
ҰОК
Қазақстандық садақшылар Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандық спортшылар блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті.
ҰОК мәліметінше, Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Нидерланд құрамасынан 153:155 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, әзірге ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан қола медаль жеңіп алды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

