Қазақстан Ресей мен Беларуське экспортты арттыру үшін не істеу керек? СИМ өкілі жауап берді
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Сауда және интеграция министрлігіне Ресей мен Беларусь экспортына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Депутат Ерлан Саиров:
«Беларусьтің Қазақстанға экспорты Қазақстанның Беларуське экспортынан жоғары. Беларусьтен Қазақстанға машина, технология келеді. Біз тек қана шикізат жібереміз. Ресейдің Қазақстанға импорты жылдан-жылға артып келеді. Дүкенге барсаңыз, Ресей мен Беларусьтің шұжығы, сүт өнімдері тұр. Қазақстанның сүт өнімдері күннен-күнге төмендеп барады. Осы тәуелділікті жою үшін және Қазақстанның экспортын осы елдерге арттыру үшін министрлік қандай нақты қадамдар жасап жатыр. Қазақстанның экспорты Ресейге, Беларуське өсті деп қашан айтамыз? – деп сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаевқа сауал тастады.
Вице-министр өз сөзінде бұл мәселе негізі бәсекелестікке арналғанын атап өтті.
Қазақстандағы экспортты ілгерілету бойынша осы министрлік қарамағында 20 түрлі экспортты ілгерілету инструменттері бар. Бұл инструменттерді барлық компаниялар толығымен пайдаланып жатыр. Бәсекелестікті арттыру үшін ауыл шаруашылығы, индустрия және басқа да министрліктермен бірлесіп шешіп жатырмыз. Бұл мәселе өте күрделі. Заң жобасында сізге толық жауап бере алмаймын, – деді Қайрат Төребаев.
Депутат жазбаша түрде қандай қадамдар жасалып жатқаны жөнінде жауап беруін өтінді.