Қазақстан - Ресей боксшыларының жекпе-жегінде кім жеңіске жетті
11.12.2025 23:16
Фото:
©El.kz
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының жартылай финалында рингке шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
63,5 келі салмақ дәрежесінде финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол ресейлік Илья Поповпен кездесті. Үш раундқа созылған айқастан кейін төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіс 4:3 есебімен ресейлік боксшыға берілді.
Осылайша, Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал Илья Попов финалға жолдама алды. Айта кетейік, Зейнуллинов - 2025 жылғы «Странджа» халықаралық турнирінің жеңімпазы және сол жылы Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері.
IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

