Жаңалықтар

Қазақстан реформатор мемлекетке айналды – Президент

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстан реформатор мемлекетке айналды – Президент
Фото: Ақорда 04.01.2023 15:27 1356

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық Соттың жаңа әкімшілік ғимаратына барып, тағайындалған судьялармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

–  Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты, бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүниежүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды. Жалпы, елімізде көптеген өзгеріс болып жатыр. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға баса мән беріліп отыр. Бұл жұмысқа қоғам өкілдері белсене қатысуға ынталы. Сондықтан мен Конституциялық Сот құру туралы бастама көтердім. Азаматтарымыз жалпыхалықтық референдумда осы және басқа да ұсыныстарға қолдау білдірді, – деді Президент. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға