Жаңалықтар

Қазақстан Қытайға 12,6 млн тонна тауар экспорттады

Қазақстан Қытайға 12,6 млн тонна тауар экспорттады
Фото: ©pixabay.com 10.06.2024 09:15 636

Қытай Халық Республикасында көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады.

 
Sputnik.kz-тің хабарлауынша, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ке өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті.
Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық.
Сонымен қатар қазақстандық делегация Алашанькоу станциясының бонд аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын тасымалдау бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды ұлғайту туралы келісті, - делінген хабарламада.
Бүгінде Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін Қытайға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға