Жаңалықтар

Қазақстан Қытайдан келетін азаматтарға шектеу қоймайды - Бас санитар

Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Қазақстан Қытайдан келетін азаматтарға шектеу қоймайды - Бас санитар
Фото: egemen.kz 06.01.2023 18:04 902

Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Есмағамбетова елдегі, әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай және шектеу шараларын енгізу қағидалары туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қараша айының соңынан бастап сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, желтоқсан айында сырқаттанғандардың орташа тәуліктік саны КВИ+ 200-ге дейін және КВИ- 10-ға дейінгі жағдайды құрады.

Бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100% жағдайда COVID-19 Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Республика бойынша және Павлодар облысын қоспағанда, 19 өңірде инфекцияның таралу көрсеткіші (R) бірліктен төмен.

Сонымен қатар, А. Есмағамбетова уақтылы вакцинациялауды және ревакцинациялауды, халық көп жиналатын орындарда бетпердені пайдалануды, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеуді, қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалануды ұсынды.

Сөзін қорытындылай келе: «Елімізде және әлемде коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты қосымша шектеу шараларын енгізу туралы БАҚ-тың көптеген сұрауларын ескере отырып, Қазақстанда елге кіру кезінде де, әлемнің кез келген еліне, оның ішінде ҚХР-ға шығу кезінде де қандай да бір шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды», - деп атап өтті ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға