Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында 45 ірі инвестициялық жоба іске асырылады
Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр екі мемлекет арасындағы тауар айналымының қарқыны жалғасуда екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші вице-премьер ең алдымен кеңес Қазақстан мен Қытай арасындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі маңызды алаң болып табылатынын атап өтті.
Біздің бүгінгі іс-шара ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға іс-сапары аясында және ШЫҰ-ның 24-ші саммиті қарсаңында өтіп жатқаны қуантады. Қытай Қазақстанның негізгі стратегиялық сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Біздің елдеріміз арасында сенімді диалог орнатылды және өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Былтырғы жылы біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда айналымы 30 пайызға өсіп, 41 миллиард АҚШ долларына жетті, – деді Скляр.
El.kz/Арман МҰХАТОВ
Сонымен қатар Роман Скляр екі мемлекет арасындағы тауар айналымның қарқынды өсуі жалғасуда екенін айтты.
Соңғы 20 жылда Қытайдан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы құны 25 млрд долларға жетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 мыңнан астам қытайлық компанияның капиталы тіркелген. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында 45 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.
El.kz/Арман МҰХАТОВ