Қазақстан-Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz
20.01.2023 00:19
1366
21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.
Комитет тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерге енгізілген шектеулерді назарға алып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлау қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік бақылау жүйесі автоматтандырылады
Келесі жаңалық
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды