29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бірақ қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.
Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге осы өзгерістерді ескере отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау керегін ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

