Жаңалықтар

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірлесіп гидроэлектр стансасын салады

Қамбарата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясы болмақ
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірлесіп гидроэлектр стансасын салады
Фото: gov.kz 06.01.2023 18:47 1242

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық ведомстволарының басшылары Қамбарата ГЭС-1-ді бірлесіп салу жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

6 қаңтарда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.

Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттарын уағдаласты және электр станциясын уақтылы пайдалануға беру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.

Қазақстанның жобаға қатысуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде жүзеге асады.

Бұл Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге және өңірдің сумен қамтамасыз етілуін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға