Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды
11.09.2023 20:47
Фото:
©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Финляндия және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездесуден кейін әлемдік рейтингтегі орны жаңарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 қыркүйекте құрамамыз финдерді қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Ал кеше, 10 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан 8,70 ұпайға иелік етіп, 1 206,94 ұпайға қол жеткізді. Сол арқылы құрамамыз 104-сатыдан 101-орынға көтерілді. Алғашқы жүздікті қорытындылап тұрған Беларусьтен 0,997 ұпайға қалып келеміз.
Айта кетейік, бұл рейтингте Қазақстан 2016 жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол кезде құрамамыз кестеде 86-орынға көтерілген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

