Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет EuroSkills-те екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет EuroSkills-те екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Білім министрлігі 11.09.2023 18:00 4722

Қазақстан құрамасы EuroSkills халықаралық чемпионатына қатысу тарихында ең жақсы нәтиже көрсетіп, екі медаль мен төрт «Үздік медальон» жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Серік Жартыбаев хабарлады.

Жарысқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 мықты жас маман қатысты. EuroSkills Gdansk 2023 сегізінші Еуропа чемпионатының үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, - деді ол.

Руслан Юсупов «Веб технологиясы» құзыреті бойынша «күміс», Андрей Степанюк пен Станислав Горицин «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша «қола» медальға ие болды. Сонымен қатар Алуа Жарасбаева (графикалық дизайн), Ерасыл Бақытжан (CAD инженерлік дизайны), Виталий Кайль (плитамен қаптау), Ернияз Құрманбеков және Аңсар Оразғалиев (мехатроника) «Үздік медальонге» ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға