Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасы төрт қола медальмен жүлде қоржынын толықтырды

26.10.2025 05:20

Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер Азия ойындарында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына төрт қола медаль салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Муайтай спорт түрінен Әдия Ізбасқан (48 кг, 16–17 жас), Камила Ақболда (48 кг, 14–15 жас) және Адина Сайлау (45 кг, 14–15 жас) жарысты қола жүлдемен аяқтады. Олар жартылай финал кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, үздік үштіктен көрінді.

Сондай-ақ жеңіл атлетикадан Вероника Елисеева балға серпуде 46,94 метр нәтижемен қола медаль иеленді. Бұл көрсеткіш спортшының жеке рекордына жақын болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жүлде қоржынын төрт қола медальмен толықтырды. Спортшылардың жарыстағы жеңістері елдегі бұқаралық спорттың даму деңгейін тағы бір дәлелдеп отыр.