Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатында жүлделі болды
09.03.2024 20:12
Фото:
turlyzhan_aitenov
Нью-Кларк-Ситиде өткен Су спорты түрлерінен Азия чемпионатында ел қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су добынан Қазақстан жастар құрамасы жас топтары арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегер атанды. 3-орын үшін өткен ойында жігіттеріміз Қытай командасын 7:4 есебімен тізе бүктірді.
Гол соққандар:
Егор Белоусов
Нұрасыл Сәтберген
Кирилл Пантелеев

