Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
10.01.2025 20:20
132
10 қаңтарда Тунисте саблямен семсерлесуден Гран-при сериясының кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемдік жарыста Қазақстан әйелдер құрамасының атынан Полина Ко, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Жасмин Қапыджы және София Спичева өнер көрсетеді.
Ерлер арасында жүлде үшін Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Артем Саркисян, Назарбай Саттархан және Қуаныш Ерғашбай бақ сынайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға