ҰОК

Қазақстан құрамасы Грузиядағы турнирде 12 медаль жеңіп алды

22.09.2025 20:29

Грузияның Батум қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Дүбірлі жарыста Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды, оның төртеуі - алтын. 

ҰОК ел қоржынына жүлде салған спортшылар тізімін жариялады. Олар: 

Жекелей сайыс, 13 жасқа дейін:

1 орын - Жәния Бекмұхамбетова;

1 орын - Нұрдәулет Азаматұлы.

Аралас жұп, 19 жасқа дейін:

1 орын - Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша).

Аралас жұп, 15 жасқа дейін:

1 орын - Асылхан Магзумбеков / Мария Лукьянова (Қазақстан).

Жекелей сайыс, 15 жасқа дейін:

2 орын - Алексей Маркин.

Жекелей сайыс, 17 жасқа дейін:

3 орын - Дарья Фу.

Аралас жұп, 19 жасқа дейін:

3 орын - Абдулла Мамай / Ноила Ханиязова:

Аралас жұп, 15 жасқа дейін:

3 орын - Алексей Маркин / Анколика Чакраборти (Қазақстан/Үндістан).

Жекелей сайыс, 15 жасқа дейін:

3 орын - Мария Лукьянова;

3 орын - Асылхан Магзумбеков;

3 орын - Айназ Әділгереева.

Жекелей сайыс, 11 жасқа дейін:

3 орын - Назерке Болатбек.